Ирандық танкерді тұтқындау – Ұлыбританияның АҚШ жеріндегі ойыны
(last modified Fri, 05 Jul 2019 13:23:09 GMT )
Шіл 05, 2019 19:23 Asia/Almaty
  • Ирандық танкерді тұтқындау – Ұлыбританияның АҚШ жеріндегі ойыны

Ұлыбритания теңіз күштері Гибралтар жағалауында Сирияға қарай бет алды деген уәжбен ирандық танкерді тұтқындады.

Британия құралдары бейсенбі күні: «Ирандық танкер АҚШ пен Еуроодақтың 2011 жылдан енгізілген Сирияға қарсы санкцияларын бұзды»,- деп жариялады. Ирандық танкердің дұрыс және теңіз заңдарына сай бағытына назар аудармаудын өзінде де, британиялық теңіз күштерінің бұл танкерді тұтқындау әрекеті теңіз қарақшылығына теңеледі. АҚШ үкіметінің бұйрығымен британиялық теңіз күштерінің ирандық танкерді ұстауы қатерлі әрекет. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Аббас Мусави Теһрандағы Ұлыбритания елшісінің Гибралтар жағалауындағы ирандық танкерді ұстауына байланысты шақыртылуына тоқталып: «Ирандық танкердің тұтқындалуы – заңсыз, қайшылықтар тудырушы және қатерлі фактор»,- деді.

Трансаймақтық санкцияларды енгізу - АҚШ-тың Иранға қарсы қолданып отырған заңсыз әрекеттері, сондай-ақ Гибралтар жағалауында ирандық танкерді тұтқындау - Британияның бұл зардап келтіруші саясатты қолдауының белгісі.  Осыған дейін Еуроодақ үнемі АҚШ-тың трансаймақтық санкцияларына қарсылық білдірген жағдайда, Британия танкерді тұтқындауымен бұл санкцияларды растады. Біржақты және зардап келтіруші әрекетерді растау әлемдік сахнадағы заңның билігіне көмектеспейді және қайшылықтардың артуына себеп болады. Британиялық теңіз күштерінің ирандық танкерді тұтқындауы және Лондон үкіметінің бұл теңіз қарақшылығын қолдауы Еуропаның АҚШ-тың алдындағы әлсіздігін және тәуелсіз шешім қабылдай алмайтынын көрсетті. Сонымен бірге Иранның мұнай саудасы үдерісінің бұзылуы еуропалықтардың Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы экономикалық мүддесін қамтамасыз ету туралы жариялаған саясатына сай емес. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бойынша, Иран өз мұнайын ешбір қиындықсыз сатып, оның ақшасы Иранға түсуі керек. Бұл үдерісті INSTEX механизмі қамтамасыз етеді деп жобаланды. ИИР Президенті Хасан Рухани өткен сәрсенбідегі үкмет отырысында: «INSTEX ешнәрсеге жарамайды. Еуропалықтар Иран мұнайы экспортының ақшасының Иранға түсуіне кепілдік беруі керек»,- деді.