Мусави: Егер еуропалықтар сөз сөйлеуді жалғастыратын болса, Иран үшінші қадамын мықтырақ басады
(last modified Mon, 08 Jul 2019 11:24:32 GMT )
Шіл 08, 2019 17:24 Asia/Almaty
  • Мусави: Егер еуропалықтар сөз сөйлеуді жалғастыратын болса, Иран үшінші қадамын мықтырақ басады

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында қалған мемлекеттер, әсіресе еуропалықтар өз міндеттемелерін орындамай, сөз сөйлеулерін жалғастыратын болса, ИИР-ның үшінші қадамын мықтырақ басатынын қуаттады.

 

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сейед Аббас Мусави дүйсенбіде жергілікті және шетелдік журналистердің алдында еуропалықтарға берілген 60 күн мұрсаттын аяқталып, Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы  келісімндегі міндеттемелерін азайту бойынша екінші қадамын басатындығына тоқталып: "ИИР өзінің ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігі негіздерінше шешім қабылдайды",- деді. Мусави Гибралтар жағалауында тұтқындалған ирандық танкер туралы: "Бұл мәселеге қатысты саяси және құқық әрекеттер жасалып, осы кезге дейін Теһрандағы Ұлыбритания елшісі Иран Сыртқы істер министрлігіне екі рет шақыртылып, кейбір еуропалық дипломаттармен де кеңесулер жүргізілді",- деп анықтады. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы талибандар тобының Теһранға келуі және Иранның Ауғанстанның бейбітшілік келіссөздеріндегі рөлі туралы: "Иран аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуші белсенді мемлекет ретінде Ауғанстан үкіметі және бұл елде бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнатылуына көмектесе алатын елдермен қарым-қатынас орната алады",- деді.