Зариф: Ирандық танкерді тұтқындау - «Б тобының» қатысуымен жасалған қатерлі сынақтама
Иран Сыртқы істер министрі Гибралтар жағалауындағы Британия теңіз күштерімен ирандық танкердің тұтқындалуын «Б тобының» қатысуымен жасалған қатерлі сынақтама деп тапты.
Иран Сыртқы істер министрінің «Б тобы» деп отырғаны есімдері немесе лақаб аттары Б әріпінен басталатын сионистік режимнің премьер-министрі Бениамин Нетаньяху, Сауд Арабиясы тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман, Біріккен Араб Әмірлігі тақ мұрагері Мұхаммад бен Заид және Ақ үйдің қауіпсіздік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон. Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі парақшасында ирандық танкердің тұтқындалуын заңсыз деп біліп: «Б тобының» қатысы бар бұл әрекет – теңіз қарақшылығы. Британиялық әскерилердің бұл әрекеті қатерлі, сондықтан дәл осы кезде тоқтатылуы керек»,- деп жазды.