Рухани: Британиялықтар - теңіздердегі қауіптіліктердің бастамашылары
ИИР Президенті Ұлыбританияның ирандық танкерді тұтқындауын арсыздық және қателік деп атап: "Британиялықтар - теңіздердегі қауіптіліктердің бастамашылары және олар өз әрекетінің салдарын көреді",- деді.
Хасан Рухани сәрсенбіде үкімет отырысында Британияның ирандық танкерді "Б тобының" түрткісімен тұтқындағанына тоқталып: "Гибралтар аймағында өздері басқыншы саналатын британиялықтар ирандық танкерді заңсыз тұтқындады",- деп қуаттады. Рухани сондай-ақ АҚШ-тың Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) Басқармалар кеңесінен Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы әрекеттерін зерттеу талабын бұрын-сонды болмаған әрі күлкілі деп тауып: "Америкалықтар бір жағынан "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын өте нашар деп санап, ешббір сылтаусыз одан шығады, басқа жақтан Иран өз міндеттемелерін азайтқан кезде, алаңдаушылық білдіреді",- деп қосты. Рухани Иранның әрекеттерін толық "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының негіздеріне сай деп біліп: "Иран еуропалықтарға 14 ай мұрсат, содан соң жаңа әрекетінен кейін тағы екі ай уақыт берді",- деді.