Зариф: АҚШ Иранға қарсы экономикалық лаңкестікті тоқтатуы керек
(last modified Wed, 10 Jul 2019 11:43:31 GMT )
Шіл 10, 2019 17:43 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ Иранға қарсы экономикалық лаңкестікті тоқтатуы керек

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық лаңкестікті тоқтату қажеттілігін қуаттады.

Мұхаммад Джавад Зариф бүгін, сәрсенбіде журналистердің алдында Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен келіссөздерге қатысты ұстанымын толық айқын деп тауып: "Еш уақытта қысым көрсетіп, келіссөз жүргізуге мәжбүрлеу мүмкін емес",- деді. Зариф еуропалықтардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы әрекеттерін сынап, олардың өз қауіпсіздігі үшін шығын шығарғылары келмейтіндеріне тоқталды. Зариф АҚХА Басқармалар кеңесінің Иран тақырыбына байланысты бүгінгі отырысы туралы: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзған АҚШ қосымша протоколдарға қатысы жоқ, келісімнің шеңберіндегі әрекеттер үшін отырыс өткізуді ұсынды",- деді. Иран Сыртқы істер министрі Гибралтар жағалауында ирандық танкердің Британия теңіз күштерімен тұтқындалуына байланысты: "Британия "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзды",- деп баса айтты.