Рухани: Көршілес елдер, олардың ішінде Армениямен қарым-қатынасты кеңейту – Иранның негізгі саясаты
https://itolqyn.com/news/iran-i42677
ИИР Президенті Теһранның негізгі саясатын Армения сынды көршілес елдермен достық қарым-қатынасты арттыру деп тауып, Иранның Армениямен жан-жақты қарым-қатынастарын одан сайын нығайтуға дайын екенін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 11, 2019 12:21 Asia/Almaty
  • Рухани: Көршілес елдер, олардың ішінде Армениямен қарым-қатынасты кеңейту – Иранның негізгі саясаты

ИИР Президенті Теһранның негізгі саясатын Армения сынды көршілес елдермен достық қарым-қатынасты арттыру деп тауып, Иранның Армениямен жан-жақты қарым-қатынастарын одан сайын нығайтуға дайын екенін қуаттады.

 

Хасан Рухани кеше, сәрсенбіде Армения Премьер-министрі Никола Пашинянмен телефон арқылы сөйлесуінде Еуразия экономикалық одаққа мүше елдер парламенттерінің  Иран мен бұл Одақтың арасында азат сауда аймағын құру туралы келісімді мақұлдағандарына ризалығын білдіріп: «Еуразия экономикалық одағының экономикалық, сауда және қаржы қарым-қатынастарды нығайту мақсатының іске асырылуы Иран мен бұл Одақтың қарым-қатынастарының дамуына жағдай тудырады»,- деді.

Армения Премьер-министрі Никола Пашинян да өз елінің Еуразия экономикалық одағының кезеңдік басшысы болуына тоқталып, ИИР Президентін 2019 жылдың 1 қазанында Ереванда өтетін Одақ басшылары саммитіне қатысуға ресми түрде шақырды.