«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы және Басқармалар кеңесі
(last modified Thu, 11 Jul 2019 12:19:09 GMT )
Шіл 11, 2019 18:19 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы және Басқармалар кеңесі

Франция Президентінің дипломатиялық істері жөніндегі кеңесшісінің Теһрандағы кеңесулерімен тұспа-тұс АҚШ-тың сұрауымен Венада АҚХА Басқармалар кеңесінің төтенше отырысы өтті.

 

Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайту саясаты Еуропаны жаңа талпыныстарға және АҚШ-ты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байланысты дилемманы шешуге мәжбүрлеп, халықаралық келісімнің алдындағы Иранның сындарлы және қисынды саясатын көрсетті.  

Франция Президентінің дипломатиялық істері жөніндегі кеңесшісі Эммануэль Бон сәрсенбі күні Иранның Ұлттық қауіпсіздік  жоғары кеңесі хатшысы Әли Шамхани, Сыртқы істер министр Мұхаммад Джавад Зариф және соңында Иран Президенті Хасан Руханимен кездесіп, сөйлесті. Франция Президентінің дипломатиялық істері жөніндегі кеңесшісінің Теһран сапарымен тұспа-тұс Венада «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бұзушысы АҚШ-тың қалауымен АҚХА Басқармалары кеңесінің  отырысы өтті.  Басқармалар кеңесіндегі АҚШ өкілі Иранға қарсы уәждерін қайталап, Теһранды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзды деп айыптады. Венада өткен Басқармалар кеңесінің отырысы АҚШ-тың өз саясаты мен мүдделерін біржақты алға ілгерлеткісі келетінін көрсетті. Вена отырысы АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққанымен, Ираннан бұл келісімдегі міндеттемелерін толық орындауын талап етіп отырған жағдайда өтті. Бұл мәселе АҚШ-тың екіжүзділігін көрсетті.  Бұл салада Венадағы халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты өкілі Казем Ғарибабади АҚХА Басқармалар кеңесінің төтенше отырысында: «АҚШ-тың сыртқы саясаты мен әрекеттері оның екіжүзділігінің белгісі және Агеттіктің Басқармалар кеңесінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзушы елдің сұрауымен отырыс өткізуі  - ащы сықақ»,- деді.

Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайту шешімі еуропалықтардың саяси саладағы талпыныстарын екі есе арттырды.  Иран келісімдегі өз міндеттемелерін азайту ағымында екі маңызды қадам жасап, бірінші 60 күндік мұрсат аяқталған соң, еуропалықтарғы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін орындап, Иранның экономикалық мүдделерін қамтамасы етуге тағы екі ай уақыт берді. Еуропалықтар АҚШ-тың аталмыш келісімнен шығуы шығындарын толтырған жағдайда,  Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайту қадамдарын тоқтатып, райынан қайтады. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының сақталуы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының басқа мүшелері, әсіресе еуропалықтардың Теһранмен берілген мұрсатта келісімдегі өз міндеттемелерін орындауларына байланысты.

 

 

 

 

Тегтер