Ирандық танкерді тұтқындау – Британияның АҚШ-қа тәуелді болуының белгісі
ИИР Сыртқы істер министрі Гибралтар жағалауындағы ирандық танкердің тұтқындалуын Британияның АҚШ тәуелді болуының белгісі деп жариялады.
Мұхаммад Джавад Зариф Ливанның «Әл-Майадин» арнасына берген сұхбатында: «Британияның ирандық танкерді тұтқындауы - теңіз қарақшылығы. Британиялықтар АҚШ-тың нөкері және бұл елдің бұйрықтарын орындайтынын ресми түрде жарияласын. Америкалықтар Британияның достығына Вашингтондағы бұл елдің елшісі және Ұлыбритания Премьер-министрі мен үкіметіне тіл тигізді»,- деді.
Ағымдағы 2019 жылдың 5 шілдесінде Британия теңіз күштері Гибралтар жағалауында Еуроодақтың Сирияға қарсы санкцияларын бұзды деген сылтаумен ирандық танкерді тұтқындады. Испания Сыртқы істер министрі танкер тұтқындалсымен Джозеп Боррель: «Британия теңіз күштері АҚШ-тың бұйырығымен Гибралтар аймағында ирандық танкерді тұтқындады»,- деді. Гибралтар жағалауы полициясы ирандық танкердің капитаны мен жоғары лауазымды офицерін Еуроодақтың санкцияларын бұзғандары үшін тұтқындағаны туралы уәжденді. Ұлыбритания үкіметінің саяси ойыны Еуроодақтан шығып жатқан бұл елдің АҚШ-қа тәуелді екені көрсетті. Еуроодақ бұдан бұрын қарсылық білдірген трансаймақтық санкцияларды іске асыру британиялықтардың АҚШ-пен ынтымақтастқ етуін анықтады. Британияның АҚШ-пен ынтымақтастық етуі саяси тарихта ежелден келе жатқан жәйт. Моссадеқ үкіметі кезінде Иранның мұнай өндірісі ұлттандырылған оқиғада айқын көрінді. Британия үкіметі Иранның мұнайы сатуға тыйым салған болатын. Осы кезде Гибралтар жағалауында ирандық танкердің тұтқындалуы Еуроодақтың Сирияға қарсы санкцияларын бұзу сылтаудан бұрын АҚШ-тың Иранның мұнай экспортын мүлдем тоқтатуды көздейтін біржақты заңсыз санкцияларын қолдау болып табылады. Британия үкіметінің бұл әрекеті бұл елдің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу саяси ұстанымына қайшы келеді. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу, яғни Иранның экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету. Ал мұнай экспорты Иранның экономикалық негіздерінің бірі саналады. Британия үкіметі өзінің жаңа әрекетімен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы Иранның мұнай сату мәселесіне көмектесудін орнына Иран халқына қарсы экономикалық лаңкестік жасап отырған АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттерін қолдауда.