Иран мен Қазақстан арасында сот-құқықтық ынтымақтастық артады
ИИР мен Қазақстан арасында сот-құқықтық ынтымақтастық Азаматтық мәселелер бойынша екі ел арасындағы өзара құқықтық көмек туралы келісімге бұл екі елдің Әділет министрлерінің қол қоюларымен артады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иранның Әділет министрі Әлиреза Аваи жұма күні Қазақстан Әділет министрі Марат Бекетаевпен Теһрандағы кездесуінде Қазақстанды аймақтағы әсерін тигізетін мемлекет және Иранның маңызды көршілес елі деп атап, екі елдің сот-құқықтық саладағы ынтымақтастығын арттыру жігерін қуаттады. Қазақстан әділет министрі Марат Бекетаев Иранның Қазақстандағы маңызды орны туралы тоқталып, екі ел арасындағы құқықтық негіздер мен ортақ ынтымақтастықтарды толықтыру қажеттілігі туралы баса айтты. Иран мен Қазақстан Әділет министрлері сондай-ақ бұл кездесуде сот-құқықтық ынтымақтастық, халықаралық ынтымақтастық, ұйымдастырылған қылмыс пен лаңкестік және есірткі контрабандасымен күресу, адам, әсіресе бала құқығы және зияткерлік меншікті қолдау, жемқорлықпен күресу сынды мәселелер бойынша пікір алмасты.