Иран Қытайдың саясатын қолдайтынын жариялады
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Иранның Қытайдың біртұтас саясатын қолдайтынын жариялады.
«ИРНА» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Аббас Мусави ИИР-ның Қытайдың біртұтас саясатын толық қолдайтынын жариялап, АҚШ пен Британия үкіметтерінің Қытайдың ішкі істеріне араласуы мен өткен күндердегі Тайвань мен Гонконгтегі түрткі әрекеттерін айыптады. Өткен апталарда Гонконг үкіметке қарсы наразылықтардың куәсі болды. Наразылар бұл аймақтың парламенті ғимаратына кіріп, оны қиратуға әрекеттенді. Британия наразыларды айыптаудын орнына Қытай қауіпсіздік күштерінің шерушілерге қарсы шараларын айыптап: «Егер Бейжін Гонконг азаттықтарымен санаспаса, өз әрекетінің шынайы салдарларын көреді»,- деді. АҚШ Тайванның жергілікті үкіметіне саяси және әскери қолдау көрсетіп, Қытайды дағдарыспен тіреуге талпынуда.