Мусави: Америкалықтар Зарифтың әлемнің қоғамдық ой-пікіріне әсер етуіне алаңдауда
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иран Сыртқы істер министрінің Нью-Йорк сапарындағы шектеулері туралы сөзіне реакция білдіріп: «Америкалықтар Иран Сыртқы істер министрі іс-сапарларының АҚШ пен әлемнің қоғамдық пікірлеріне әсерін тигізулеріне алаңдауда»,- деді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео «Вашингтон пост» газетіне берген сұхбатында: «Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф БҰҰ орталығы мен Иран өкілдігі орналасқан жерге жақын алты орамда ғана қатынас жасай алады",- деді.
Сейед Аббас Мусави ИРНА-ға берген сұхбатында Мұхаммад Джавад Зарифқа жарияланған шектеулер туралы: "Олар Иран Сыртқы істер министрінің жұмыс бағдарламасына кедергі тудырмайды. Зариф көбінде БҰҰ орталығы мен Иранның тұрақты өкілдігіне қатынас жасап, өз сұхбаттарын осы мекендерде жүргізеді",- деп қосты.