Ирандық жастар Францияның Peugeot компаниясының уәдесінде тұрмауына жауап қайтарып, жергілікті көлік шығарады
(last modified Mon, 15 Jul 2019 09:24:46 GMT )
Шіл 15, 2019 15:24 Asia/Almaty
  • Ирандық жастар Францияның Peugeot компаниясының уәдесінде тұрмауына жауап қайтарып, жергілікті көлік шығарады

Францияның Peugeot («Пежо») компаниясының уәдесінде тұрмауына жауап қайтару ретінде ИИР Президентінің ғылым және технология мәселелері бойынша орынбасары Сорна Саттаридің қатысуымен Теһрандағы «Иран Khodro» зауытында ирандық Пежо-301 автокөлігінің эксперименттік өндірісі басталды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, «Иран Khodro-дың» атқаруы директоры Хашим Икезаре ирандық Пежо-301 автокөлігінің эксперименттік өндірісінің тұсаукесер рәсімінде: «Ирандық жас мамандар Францияның «Пежосына» сүйенбей, жергілікті автокөлік шығарумен  айналысуда. Оның бірінші түрі – «Пежо-301»»,- деді.