Зариф: Иран халқы АҚШ-тың экономикалық лаңкестігімен бетпе-бет келіп отыр
https://itolqyn.com/news/iran-i42745-Зариф_Иран_халқы_АҚШ_тың_экономикалық_лаңкестігімен_бетпе_бет_келіп_отыр
Иран Сыртқы істер министрі Иран халқының АҚШ-тың экономикалық лаңкестігімен бетпе-бет келуін қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 18, 2019 15:02 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран халқы АҚШ-тың экономикалық лаңкестігімен бетпе-бет келіп отыр

Иран Сыртқы істер министрі Иран халқының АҚШ-тың экономикалық лаңкестігімен бетпе-бет келуін қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф БҰҰ-ның жоғары саяси ұйымының «Экономикалық-әлеуметтік кеңес» тақырыбымен Нью-Йоркте өткен жылдық отырысында: «АҚШ-тың Иран халқына қарсы заңсыз санкциялары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзуымен бірге Иран мен оның шекаралас елдерінің тұрақты даму мақсаттарына жетуінің алдындағы үлкен қауіп-қатер саналады. Иран заңсыз санкциялардан туындаған қиындықтарға қарамастан ұлттық негіздеріне сай адамдары арасында теңдік орнатып, олардың мүмкіндіктерін арттыру саласында маңызды жетістікке жете алды»,- деді.