Теһран жұма намазының имамы шейх Ибрахим Закзакиды азат етуді қуаттады
(last modified Fri, 19 Jul 2019 11:15:46 GMT )
Шіл 19, 2019 17:15 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының имамы шейх Ибрахим Закзакиды азат етуді қуаттады

Теһран жұма намазының имамы Нигерияның исламдық қозғалысының басшысы шейх Ибрахим Закзакидің тұтқындағы жағдайының нашарлығына алаңдаушылық білдіріп, оны азат ету қажеттілігін қуаттады.

Нигерияның исламдық қозғалысының басшысы шейх Ибрахим Закзаки 2015 жылы Нигерия армиясы Зария қаласында оның үйіне шабуыл жасағаннан бері тұтқындалуда. Теһран жұма намазының имамы аятолла Мұхаммад Имами Кашани: «Нигерияның үкіметі мен әскерилері өз қылмыстарын АҚШ, сионистік режим және әл-Сауд үкіметінің қолдауымен іске асыруда»,- деді. Аятолла Имами Кашани АҚШ Президентінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуына тоқталып: «Трамп билігі кезінде АҚШ-тың әлемдегі зорлық-зомбылығы артты»,- деп қосты. Теһран жұма намазыынң имамы Британия теңіз күштерінің ирандық танкерді тұтқындауына тоқталып: «Британияның бұл әрекеті заңсыз және халықаралық заңдарға қайшы»,- деді.