Шіл 23, 2019 12:49 Asia/Almaty
  • Рухани: Теһран-Бағдадтың жан-жақты қарым-қатынастары кеңеюде

ИИР Президенті Теһран-Бағдадтың жан-жақты қарым-қатынастарын күннен күнге кеңейту саласындағы сындарлы қадамдардың жалғасуын қуаттады.

 

Хасан Раухани дүйсенбі кешке Ирактың Премьер-министрі Адель Абделмаһди басқарған бұл елдің жоғары лауазымды делегациясымен Теһрандағы кездесуінде қазіргі жағдайдағы Иран  мен Ирак қарым-қатынастары мен ынтымақтастығының дамуын маңызды деп тауып: «Аймақта қажетті тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатылмаған жағдайда Теһран-Бағдадтың жан-жақты ынтымақтастықтары мен қарым-қатынастарын дамыту аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын арттыруға оң әсерін тигізеді»,- деді. Рухани ИИР-ның аймақтағы және басқа елдермен шиеленісті арттырғысы келмейтінін және еш уақытта соғыс пен қайшылықтарды бастаушы болмағанынан тоқталып: «Иран тарих бойы Парсы шығанағы, Ормуз бұғазысы мен Омман теңізіндегі қауіпсіздікті  және кеме қатынасының азат болуын қорғады»,- деп қосты.

Адель Абделмаһди де бұл отырыста Иран мен Ирак бір-біріне бауырластық пен достықты сезінетінін қуаттады. Ирак Премьер-министрі аймақтағы шиеліністі арттыру үшін жасалып жатқан кейбір қастықтарға тоқталып: «Ирак еш уақытта Иранға қарсы санкцияларды қолдамайды»,- деді.   

 

Тегтер