Шамхани: Палестинаның қарсыласу ағымы жеңіске жеткенше, Иран қолдауын жалғастырады
(last modified Tue, 23 Jul 2019 12:33:33 GMT )
Шіл 23, 2019 18:33 Asia/Almaty
  • Шамхани: Палестинаның қарсыласу ағымы жеңіске жеткенше, Иран қолдауын жалғастырады

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі хатшысы Палестинаның қарсыласу ағымы бала өлтіруші әрі басқыншы режимді толық жеңгенінше, ИИР-ның қолдауын жалғастыратынын қуаттады.

Әли Шамхани сейсенбіде  Палестина Исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың  саяси бюросы басшысының орынбасары Салех әл-Арваримен Теһрандағы кездесуінде: "Палестина армандарын қолдау - Ислам революциясының негіздерінің бірі. Бұл қолдау қарсыласу ағымы басқыншы режимді толық жеңгенше жалғасады",- деді. Шамхани "Ғасыр мәмілесі" жобасын іске асырылмайтын, сәтсіздікке ұшыраған жоба деп атап: "Сионистік режим мен оны қолдаушылар құлдырауда. Сондай-ақ Палестина халқының жігері мен мақсаттарына қайшы жобалар еш уақытта нәтижеге жетпейді",- деп баса айтты. Салех әл-Арвари Палестина халқының қарсыласуына қолдауы көрсеткені үшін Иранға алығысын айтып, Палестина халқының сионистік режимнің қоқан-лоққыларынан қорықпайтынын және кейбір тәуелсіз және революцияшыл елдердің қолдауымен басқыншыларға қарсы тұратынын қуаттады.

 

Тегтер