Лариджани: Палестинаны қолдау – исламдық уәжіп
(last modified Wed, 24 Jul 2019 07:58:57 GMT )
Шіл 24, 2019 13:58 Asia/Almaty
  • Лариджани: Палестинаны қолдау – исламдық уәжіп

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Теһранның Палестинаны қолдауды исламдық уәжіп деп білетініне тоқталып, қарсыласуды Палестина дұшпандарын өкіндіретін жалғыз жол екенін қуаттады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани сейсенбіде Теһранда  Палестина Исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың  саяси бюросы басшысының орынбасары Салех әл-Арваримен кездесуінде: «Ислам республикасының саясаты - әрқашан Палестинаның қаналған халқын қолдау»,- деді.  Лариджани «Ғасыр мәмілесі» жобасын басынан бастап сәтсіздікке ұшыраған жоба деп атап: «Бірнеше тәуелді араб елдерінен басқа ешбір мемлекет бұл жобаны маңызды санамады»,- деп қосты. ХАМАС-тың  саяси бюросы басшысының орынбасары Салех әл-Арвари бұл кездесуде америкалық «Ғасыр мәмілесі» жобасының негіздеріне тоқталып: «Бұл жобаның мақсаты - Палестина мәселесін Израильдің мүддесіне шешу»,- деді.