Сардар Салами: Осы күнге дейін Иранның бірде-бір ұшқышсыз ұшағы құлаған жоқ
https://itolqyn.com/news/iran-i42827-Сардар_Салами_Осы_күнге_дейін_Иранның_бірде_бір_ұшқышсыз_ұшағы_құлаған_жоқ
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы сәрсенбі күні Луристанның селге ұшыраған аудандарын аралау барысында сөйлеген сөзінде: "Осы күнге дейін Иранның бірде-бір ұшқышсыз ұшағы құламағанын ресми түрде жариялаймын",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 25, 2019 15:09 Asia/Almaty
  • Сардар Салами: Осы күнге дейін Иранның бірде-бір ұшқышсыз ұшағы құлаған жоқ

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы сәрсенбі күні Луристанның селге ұшыраған аудандарын аралау барысында сөйлеген сөзінде: "Осы күнге дейін Иранның бірде-бір ұшқышсыз ұшағы құламағанын ресми түрде жариялаймын",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал-майор Хұсейн Салами сәрсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында дұшпандарда бұған қатысты деректер болса, оны дәлелдеу керектігін айтып: "Иранның ұшқышсыз ұшағы 3 сағат 40 минут Парсы шығанағы көгінде ұшып, аймақтық және трансаймақтық кемелерден тікелей суреттер жіберді. Бұл суреттердің бір бөлігін Иран халқы мен әлемнің қоғамдық пікіріне көрсеттік",-деді.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "Қазіргі таңда әлемде ешкім дәйексіз сөзді қабылдамайды. Дұшпандар егер шамалары келсе, ұшқышсыз ұшақтың нысанаға алынғаны және оның бөлшектерінің Иранға тиесілілігі туралы бейнематериал көрсетсін",-деді.