Үндістан елшілігінің өкілі Британияның тұтқындалған танкерінің экипажымен кездесті
Иранның оңтүстігіндегі Хормузган облысындағы Бандар Аббастағы Үндістан елшілігі мен консулдық қызметі өкілі Британияның тұтқындалған танкерінің үнді экипажымен кездесті.
Бандар Аббастағы Үндістан елшілігі мен консулдық қызметі өкілі бейсенбіде шетелдік азаматтардың консулдық жетімділігі аясында Британияның тұтқындалған танкерінің үнді экипажымен кездесіп, сөйлесті. Бұдан бұрын Ормуз бұғазында тұтқындалған британиялық Stena Impero танкерінің иесі: «Танкердің бүкіл экипажы аман-есен және өз отбасыларымен хабарласып сөйлесті»,- деп жариялады.
2019 жылдың 19 шілдесінде Ислам революциясы Сақшылар корпусы Теңіз күштерінің қоғамдық бөлімі теңіздегі халықаралық заңдарды бұзғаны үшін Ормуз бұғазында британиялық танкердің тұтқындалғаны туралы хабарлады. Британиялық танкердің 23 адамнан, олардың ішінде 18 үндлік азаматынан құрылған экипажы аман-есен Бандар Аббаста айлақтады.