Иран президенті мен Италияның үкімет басшысы Теһранда ақпарат отырысын өткізді
ИИР президенті Италия үкімет басшысының Теһранға жасаған сапарының мақсатын екі елдің барлық салада қарым- қатынастарын кеңейту және аймақтық, сондай-ақ әлемдік мәселелер жөнінде кеңесу деп атады.
ИИР президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранда Италия үкімет басшысы Маттео Ренцимен өткен ортақ ақпарат отырысында: "Ирандық және италиялық қайраткерлердің үш айдан азырақ уақыт ішіндегі екіжақты сапарлары екі ел арасында экономикалық, ғылыми және мәдени байланыстарды кеңейту негіздері бойынша жарқын үндеуге ие.
Италияда шамамен 30 құжатқа, Теһранда 6 құжатқа қол қойылды. Осы 36 құжатқа қол қою байланыстарда, әсіресе инвестиция және Италиядан Иранға технология жеткізілімінде жаңа бағыт әзірлей алады» деді.
ИИР президенті сөзінің жалғасында Батыстағы исламға үрке қарау ағымын сынап: «Исламның лаңкестікке еш қатысы жоқ. Аспандық діндер әлемде бейбітшілік пен достықтың жаршысы болып табылады» деді.
Италия үкімет басшысы Маттео Ренци де елінің санкцияларды толығымен жоюға, екі ел арасындағы экономикалық және сауда-саттық кеңістігін жоғарылату үшін таза кеңістік құруға талпыныс жасайтынын айтты.
Ренци Сирия, Йемен және Ливиядағы адами дағдарыстар гуманитарлық көмектер мен халықаралық деңгейдегі ауқымды да біртұтас ынтымақтастықтарды қажет ететіндігін айтты.