Иран армиясы теңіз күшінің «Велаят-94» атты ірі теңіз жаттығуы басталды
https://itolqyn.com/news/iran-i43-Иран_армиясы_теңіз_күшінің_Велаят_94_атты_ірі_теңіз_жаттығуы_басталды
Иран Ислам Республикасы армиясы теңіз күшінің «Велаят-94» атты ірі теңіз жаттығуы Иранның оңтүстік- шығысындағы теңіз территориясы мен жағалауларында (Макран жағалаулары мен Үнді мұхитының солтүстігіндегі суларда) басталды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 27, 2016 21:46 Asia/Almaty
  • Иран армиясы теңіз күшінің «Велаят-94» атты ірі теңіз жаттығуы басталды

Иран Ислам Республикасы армиясы теңіз күшінің «Велаят-94» атты ірі теңіз жаттығуы Иранның оңтүстік- шығысындағы теңіз территориясы мен жағалауларында (Макран жағалаулары мен Үнді мұхитының солтүстігіндегі суларда) басталды.

Армия теңіз күшінің қолбасшысы адмирал Хабиболла Саяри: «Осы жаттығудың алғашқы күні су үсті және су астындағы қайықтар бөлімшелері алдын ала белгіленген аймақтарға аттанып, жаудың ықпал ету аумақтарының ізін кесуге әрекет етті. Жаттығудың осы кезеңінде жағалаудан теңізге зымыран атқыш бөлімшелер, теңіз жаяу әскері бригадасы, зымыран атқыштар, жағалау артиллериясы мен электрондық құрылғылар жаттығу аймағына тарап, бекінді.

Бұл жаттығудың мақсаты Иран Ислам Республикасының теңіз айдынында қауіпсіздік орнатудағы әлеуеті мен қуат- қарымын көрсету болып табылады» деді. Осы жаттығу басталып, Иран армиясы теңіз күшінің ескерту жасауымен Американың кемелері жаттығу аймағынан алыстап кетті.

Иран армиясы теңіз күшінің «Велаят-94» атты теңіз жаттығуы бір апта бойы Ормұз бұғазының шығысы мен Үнді мұхитының солтүстігінен 10 градусқа дейінгі шеңберде өтеді.