Теһран жұма намазының құтпалары
Там 09, 2019 19:36 Asia/Almaty
Теһран жұма намазының құтпагері Иранның АҚШ-тың шектен тыс талаптарына қарсы тұрғанын айтып: "АҚШ Ислам революциясын құлата алмады, сол себепті әлемде бұл елдің беделі құлдырады",-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері аятолла Мұхаммадәли Моухеди Кермани АҚШ-ты әлемдік үстемшілдіктің айқын дәлелі деп атап: "АҚШ-тың халықаралық келісімдерден шығуы – бұл елдің уәдеде тұрмайтындығының белгісі",-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Йемен дағдарысы мен БАӘ әскерилерін бұл елден шығару мәселесіне тоқталып: "Сауд Арабиясы мен БАӘ әскерилері Йемен халқының табанды қарсылығына тап болып, кіріптар жағдайға түсті, енді осы ми батпақтан шығу жолын іздестіріп жатыр",-деді.