Зариф: Иран Парсы шығанағындағы өз қауіпсіздігін қорғауда күдік-күмәнға жол бермейді
Иран Сыртқы істер министрі Парсы шығанағының Иран ұлттық қауіпсіздігінің басты басымдығы екенін айтып: "Иран Парсы шығанағында өз қауіпсіздігін қорғауда күдік-күмәнға жол бермейді",-деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Twitter-дегі жеке парақшасында Парсы шығанағының өмірлік маңызы бар күретамыр екенін айтып: "Иран ұзақ уақыт бойы теңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келді",-деп жазды.
Зариф Парсы шығанағында трансаймақтық күштердің болуының аймақта тынышсыздықтың туындауына себеп болатынын айты.
АҚШ соңғы айларда Иранға қысымды күшейту мақсатында Парсы шығанағында өз әскерилерін арттырып, Ұлыбритания сияқты одақтастарының қолдауымен арандатушы әрекеттер жасауда.