Абуторабифард: Сионистік режим, Сауд әулеті режимі мен Халифе әулеті режимі жойылуға кесілген
Теһрандағы Құрбан айт намазының құтпагері сионистік режим, Сауд әулеті режимі мен Халифе әулеті режимінің аймақтағы қылмыстарына тоқталып: "Бұл режимдер жойылуға кесілген",-деді.
Теһрандағы Құрбан айт намазының құтпагері сейіт Мұхаммад Хасан Абуторабифард Аллаға серік қосу, күпірлік және үстемшілдікпен күресудің Құрбан айты жолдауларының бірі екенін айтып: "Ирак, Сирия, Ливан мен Йеменнің мұсылмандары Алланың ұлық пайғамбары хазірет Ибраһимнен (ғ.) өнеге алып, дұшпандарға қарсы тұрып келеді",-деді.
Абуторабифард Еуропаның АҚШ-тың үстемшіл жүйесіне мойын ұсынғанын айтып: "Иран халқы хазірет Ибраһимнен (ғ.) қарсыласу дәрісін үйреніп, АҚШ-тың айбынын мұқалтты",-деді.
Теһрандағы Құрбан айт намазының құтпагері, сондай-ақ, Кашмирдегі дағдарысқа тоқталып, Пәкістан мен Үндістан үкіметтерінен ақыл мен білімге арқа сүйеп, әсіресе Кашмирде адам құқығы мен мұсылмандардың құқығын сақтауға жағдай жасауды сұрады.