Арақчи: Иран бірлікті қорғап, бірлікті бұзумен күреседі
(last modified Tue, 12 Apr 2016 14:49:02 GMT )
Сәу 12, 2016 20:49 Asia/Almaty
  • Арақчи: Иран бірлікті қорғап, бірлікті бұзумен күреседі

Иран СІМ- нің құқықтық және халықаралық істер бойынша орынбасары Иран ислам республикасының тұрғысын Ислам Ынтымақтастық Ұйымына ислам елдерінің бірігуіне көмектесіп, бірлікті бұзумен күрес бағытында күшейту деп атады.

Иран СІМ- нің құқықтық және халықаралық істер бойынша орынбасары Иран ислам республикасының тұрғысын Ислам Ынтымақтастық Ұйымын ислам елдерінің бірігуіне көмектесіп, бірлікті бұзумен күрес бағытында күшейту деп атады.

Иран СІМ- нің құқықтық және халықаралық істер бойынша орынбасары Аббас Арақчи Түркияның Ыстамбұл қаласында Ислам Ынтымақтастық Ұйымы мамандарының отырысы аяқталған соң ИРНА-ға берген сұхбатында Ислам Ынтымақтастық Ұйымының басты бағдары мен ең маңызды мақсатын және оның болуының себебін сионистік режимге тосқауыл қою және Палестина мен палестиналықтардың құқығын қорғау деп атап: «Сионистік режимге тосқауыл қою және палестиналықтардың құқығын қорғау әрдайым Ислам Ынтымақтастық Ұйымы жұмысының күн тәртібінде тұрған мәселе. Осы мақсаттың әлсіреуіне жол бермеу керек» деді.

Арақчидің айтуынша, Ислам Ынтымақтастық Ұйымының отырысында лаңкестік және секташылдыққа тосқауыл қою, Сирия, Йемен, Ливия дағдарысы, әлемнің түрлі аймақтарындағы мұсылман азшылықтар тақырыбы, экономикалық және мәдени тақырыптар талқыға салынып, пікір алмасу өтті.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы мамандарының отырысында дүйсенбі күні осы ұйымға мүше елдер басшыларының күн тәртібіне қойған жұмысына шолу жасалып, Түркияның Ыстамбұл қаласында жабық есік жағдайында өз жұмысын аяқтады.

Тегтер