Камалванди: 4.5 пайызға байытылған уран Иранның стансаларын отынмен қамтамасыз етеді
Иран Атом қуаты ұйымының ақпарат өкілі 4.5 пайызға байытылған уранның өндірілгенін хабарлап: «Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасында белгіленген 3.67 пайыздан артық уран байыту Иран стансаларын отынмен қамтамасыз ету үшін қажет», деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бехруз Камалванди сейсенбі күні Форду нысанында тұрақты изотоптарды бөліп алу орталығын салу амалдарын бастау рәсімінде байытылған уранның соңғы жағдайы туралы: «Қазіргі таңда ИИР 300 кг уран межесінен асты. Қазір елде байытылған уран көлемі 360-370 кг‑ды құрайды»,‑деді.
Камалванди, сондай‑ақ, Теһранның ауыр су экспортын 130 тоннадан аз мөлшерде сақтауға ешқандай міндеттеме алмағанын айтып: «Иранның экспорттық көлемі үлкен емес, алайда нарық алуандығы бар. Еуропалық елдер мен басқа да мемлекеттер Иранның өнімдерін сатып алады»,‑деді.