Ислам революциясының жетекшісі сотталғандардың бірқатарына кешірім жасауға немесе жазасын жеңілдетуге келісім берді
Құрбан айт пен Ғадир Хом мерекелеріне орай, аятолла Хаменеи Иранның қоғамдық, революциялық және Қарулы күштердің сот ұйымдарында сотталғандардан 1070 адамға кешірім жасау немесе олардың жазаларын жеңілдетуге келісім берді.
Иран Сот билігінің төрағасы сейіт Ибрахим Раиси Құрбан айт пен Ғадир Хом мерекелеріне орай Ислам революциясының жетекшісіне жолдаған хатында Сот билігінің кешірім орталығы комиссиясында тиісті шарттарға лайық деп танылған 1070 сотталған адамға кешірім жасау немесе жазаларын жеңілдету ұсынысын жасады. Иран Конституциясының 11-ші бабының 110-шы тармағына сәйкес, Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бұл ұсынысты қабылдады.
Ертең, сейсенбі х.қ.ж.с.б. 1440 жылдың зихадже айының 18 жұлдызы, сәйкесінше 2019 жылдың 20 тамызы мұсылмандардың ұлы мейрамдарының бірі Ғадир Хом мерекесі болады.