Рухани: Иран «Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайтуда дұрыс бағытты таңдады
(last modified Thu, 22 Aug 2019 08:18:49 GMT )
Там 22, 2019 14:18 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран «Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайтуда дұрыс бағытты таңдады

ИИР Президенті Теһранның «Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайтуға қатысты қадамдарына тоқталып: «Теһран осы бағдарламадағы міндеттемелерін азайтуда дұрыс бағытты таңдады», деді.

Хасан Рухани сәрсенбі күні үкімет мүшелерінің Ислам революциясының жетекшісімен кездесуінде Иранның ядролық келісімге қатысты сабырлығының да шегі барын айтып: «Олар осы келісімдегі міндеттемелеріне берік болмай отырған жағдайда Иран өз міндеттемелерін толық сақтауға міндетті емес»,‑деді.

Рухани, сондай‑ақ, Иран үкіметінің АҚШ‑тың санкцияларына қарсы саясаттарына тоқталып: «Иранның саясаты – шикі мұнайдың орнына мұнай өнімдерін сату. Бұл үшін мұнай өңдеу зауыттары дамытылып, жаңа зауыттар салынады»,‑деді.

ИИР Президенті: «Иран бірінші кезекте мұнай, газ және дизель саласында өзін‑өзі қамтамасыз етіп, экспорттайтын жағдайға жете алды. Бүгінде бензин саласында өзін‑өзі қамтамасыз етумен қатар, оны экспортқа шығарып жатыр»,‑деп еске салды.