ИИР Президентінің қатысуымен «Бовар-373» жергілікті әуе қорғаныс кешенінің тұсаукесер рәсімі өтті
Там 22, 2019 15:04 Asia/Almaty
31 мордад (22 тамыз) Иранда Қорғаныс өнеркәсібі күніне орай ИИР Президентінің қатысуымен «Бовар-373» атты биік әрі ұзақ қашықтыққа арналған жергілікті әуе қорғаныс кешенінің тұсаукесер рәсімі өтті.
Бұл зымырандық кешен төмен деңгейден 65 км биіктік аралығындағы кеңістікті қорғауға қабілетті. Оның ұшу ұзақтығы – шамамен 300 км. «Бовар-373» кешені қазіргі жағдайды назарға ала отырып, жобаланып, жасалған. Бір мезгілде 100 нысананы тауып, анықтап, басымдыққа бөлу қабілетіне ие. Ол бір мезгілде 6 объектімен қақтығыса алады.
Тегтер