Рухани: Иран халқы бөгде елдердің қастандықтарына табанды түрде қарсы тұрып келеді
ИИР Президенті дұшпандардың Ислам революциясына соққы беруге бағытталған қастандықтарына тоқталып: «Иран халқы бөгделердің қастандықтарына табанды түрде қарсы тұрып келеді», деді.
Хасан Рухани сенбі күні үкімет мүшелерінің Теһранның оңтүстігіндегі ИИР‑дің негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.) кесенесіне барып, оның армандарына адалдықтарын қайта растау рәсімінде марқұм имам мен шәһидтер Мұхаммадәли Раджаи мен Мұхаммад Джавад Баһонарды еске алып: «Ислам революциясының жеңіске жеткеніне 40 жылдан аса уақыт өтті. ИИР жүйесі асқан беріктік және табандылықпен Батыс Азия аймағында құдіретті Иранды қалыптастырды»,‑деді.
Рухани Теһранның әлеммен тиісті қатынас орнату үшін бар қарым‑қабілетін пайдаланып жатқанын айтып: «АҚШ‑тың тәжірибесіз үкіметі Иран халқы, аймақ пен тіпті өз халқы үшін көптеген қиындықтардың туындауына себеп болды»,‑деді.