Иранда ауылдардың инфрақұрылымын дамыту жобасы ашылды
(last modified Mon, 26 Aug 2019 14:13:36 GMT )
Там 26, 2019 20:13 Asia/Almaty
  • Иранда ауылдардың инфрақұрылымын дамыту жобасы ашылды

ИИР Президенті Үкімет аптасына орай видеоконференция арқылы Систан мен Белучистан, Фарс, Батыс Әзірбайжан, Керман мен Луристан облыстарындағы ауылдардың инфрақұрылымын дамыту жобаларын ашты.

Хасан Рухани дүйсенбі күні Иран үкіметінің  ауылдардың инфрақұрылымын дамыту салаларындағы жетістіктерін мадақтау рәсімінде Систан мен Белучистан облысында 823 жоба, Керман облысында 659 жоба, Луристан облысында 549 жоба,  Батыс Әзірбайжан облысында 459 жоба және Фарс облысында 540 жобаның бастауға бұйрық берді.

Рухани осы жобаларды ашу барысында: «Чабаһар айлағын дамыту және үш ел – Иран, Үндістан мен Ауғанстан елдерінің әріптестігі осы айлақты қолданысқа беруде өте маңызды»,-деді.

Рухани, сондай-ақ, осы рәсім аясында Иранның энергетика, жол және қала құрылысы, технология және байланыстар, денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрліктерінің соңғы 6 жылда ауылдардың инфрақұрылымын дамыту саласында қол жеткізген жетістіктерінің көрмесін аралап қайтты.