Рухани: Иран әлеммен текетіресуді қаламайды
ИИР Президенті Теһранның әлеммен қайшылықта болуды қаламайтынын айтып: «Иран аймақ пен әлемде қауіпсіздіктің сақталуын қалайды және дос елдермен әріптестік жасауға мүдделі»,-деп қуаттады.
Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранда 110 мың пәтер салу жобасын бастау рәсімінде ешқай елдің Иранды жеңіліске ұшырата алмайтынын айтып: «Экономикалық лаңкестікпен Иран халқына санкция салғандар таңдаған қате жолдарынан кері қайтып, Иран халқына құрметпен қарап, оның құқықтарын ресми түрде тануы керек»,-деді.
Рухани, сондай-ақ, АҚШ-тың «Иран ядролық қаруға қол жеткізуді қалайды» деген уәждеріне тоқталып: «Иран ядролық қару жасауды қаламайды, өйткені исламдық республиканың әскери доктринасы кәдімгі қару-жарақтарға негізделген»,-деді.