Зариф: Иран халқы қысымдарға бағынбайды
(last modified Thu, 29 Aug 2019 06:09:45 GMT )
Там 29, 2019 12:09 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран халқы қысымдарға бағынбайды

Иран Сыртқы істер министрі Қытайдың CCTV телеарнасына берген сұхбатында Иран халқының қысымдарға бағынбас түгіл, бүкіл күш-қуатымен алға ілгерлейтінін қуаттады.

ИРНА ақпарат арнасының мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф CCTV телеарнасының World Watch бағдарламасына қатысып, «Ортақ қадам жаң-жақты бағдарламасы» деп аталған  халықаралық келісім туралы: «Иран келісімге қол қойған басқа тараптардың әрекеттері, әсіресе АҚШ-тың аталмыш келісімнен шығуына байланысты, сондай-ақ бір жыл қысымдарға төзімділік білдіріп, өз міндеттемелерін азайтты»,- деді.  Иран Сыртқы істер министрі өз елінің осы күнге дейін «Ортақ қадам» жаң-жақты бағдарламасының экономикалық пайдасын көрмегеніне тоқталып: «Иран халқы келешекке үмітті және бөгделерге тәуелді емес, сондықтан дамуы үшін шынайы талпыныс жасауда»,- деп қуаттады.