«Ортақ қадамның» күшінің жойылмауы АҚШ арасындағы келіссөздерге емес, Еуропаның іс-әрекетіне байланысты
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары ИИР-ның АҚШ-қа өз елі мен еуропалықтардың арасындағы келіссөздерді өз мүддесіне пайдалануға рұқсат етпейтінін қуаттады.
Сейед Аббас Арақчи кейбір тараптардың жақын арада Иран мен АҚШ президенттерінің кездесуі туралы таратқан қауесеттеріне тоқталып: «Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізбейді»,- деп баса айтты. Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтың Францияға жасаған сапары мен G7 тобы басшыларының саммиті аясында Франция Президенті және Сыртқы істер министрімен кездесуі ақпарат құралдардың әртүрлі реакцияларына себеп болды. Зарифтың франциялық басшылармен төрт сағаттық пікір алмасуы еуропалық тараптардың АҚШ-тың қарсылығына қарамастан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын әлемдік дипломатиялық жетістік ретінде қолдайтындарын көрсетті. АҚШ Президенті қатысқан G7 тобы басшыларының саммитімен тұспа-тұс Францияның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдауы америкалықтарға Иран мен Еуропаның арасындағы қарым-қатынастары және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдау мәселелердің екіжақты әрі АҚШ саясаттарынан бөлек тақырып деген жолдауды жеткізді. Еуропалық тараптар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына толық табанды болғанша, Иранда аталмыш келісімге табанды болып қалады. Осы кезге дейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықпағандар, әсіресе еуропалықтар бұл келісімдегі өз міндеттемелерін толық орындамады. Мұндай жағдайға байланысты Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін азайту саясатты ұстанып, оларды іске асыру үдерісіне теңгерім орнатып, келісімді сақтап қалуға көмектесуде. Иран Сыртқы істер министрінің Францияға сарап шегіп, қайтадан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы пікір алмасуын осы салада бағалауға болады. Иран өз міндеттемелерін азайту саясатты іске асыруымен қатар, Иранның экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету үшін сындарлы кеңесулер арқылы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы дұрыс жолға нұсқауға талпынуда. Бұл жағдайда Иранның АҚШ-пен келіссөз жүргізуі тіпті ойға да келмейтін жәйт. Өйткені өз міндеттемелеріне табанды тұрмайтын мемлекетпен келіссөз жүргізу қисынды емес. ИИР басшылары сан рет АҚШ-пен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан тыс ешбір келіссөз жүргізбейтінін қуаттады. АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралып, Иран халқына қарсы санкцияларының күшін жоймағанша, келіссөздер жүргізілмейтінін қуаттады. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының тәжірибесі АҚШ сенім артатын мемлекет емес екенін анықтады. Сондықтан еуропалық мемлекеттердің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын құтқару талпыныстары АҚШ-қа қатысты болмаулары керек. Өйткені АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасымен проблемасы бар. Дональд Трамптың екіжүзді ұстанымдары Иранды келіссөздерге мәжбүрлей алмайды. АҚШ Президенті сыртқы саясатының әртүрлі бөлімдерінде нәтижеге жетпеді. Сондықтан Иранды келіссөзге отырғызып, оны АҚШ-тың 2020 жылғы сайлауына пайдаланғысы келеді. Иран осы кезде саясаты және қисынды дипломатиясымен әлемдік қоғамның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдауына ие болуда. Бұл мәселе АҚШ Президенді ызаландырды.