Иранның Қорғаныс министрі: Зерттеу жер серіктеріне байланысты жұмыс жалғасуда
(last modified Fri, 30 Aug 2019 07:39:49 GMT )
Там 30, 2019 13:39 Asia/Almaty
  • Иранның Қорғаныс министрі: Зерттеу жер серіктеріне байланысты жұмыс жалғасуда

Иранның Қорғаныс министрі өз министрлігінің зерттеу жер серіктерін ғарышқа жіберу саласындағы жұмысын жалғастыруын қуаттады.

Амир Хатами бейсенбіде кейбір шетелдік ақпарат құралдардың Ирандағы спутникалық және зымырандық сайттардың белсенділігі туралы сөздеріне реакция білдіріп: «Иранның Қорғаныс министрлігі жер серігі мен зымыранды ғарышқа жіберуге қатысты зерттеу жұмыстарын бағдарламасы бойынша іске асыруда. Сондықтан олардың белсенділігі қалыпты әрекеттер»,- деді. Иранның Қорғаныс министрі бұл министрліктің жер серігін ғарышқа ұшыру саласындағы жұмыстарын жалғастыруын қуаттап: «Ағымдағы жылы Қорғаныс министрлігі қолайлы уақытта төрт немесе бес зерттеу жер серігін ұшыруға үмітті»,- деп қосты.

Тегтер