«Пивежен» ауылы – Иранның солтүстік-шығысындағы туристік полюс
(last modified Sun, 01 Sep 2019 17:40:47 GMT )
Қыр 01, 2019 23:40 Asia/Almaty
  • «Пивежен» ауылы – Иранның солтүстік-шығысындағы туристік полюс

Мешхедтен 65 км жердегі «Пивежен» жайлаулық ауылы – Иранның солтүстік-шығысындағы туристік және зиярат орталықтардың бірі.

Биналуд тауларының ортасында орналасқан «Пивежен» ауылында табиғи тартымдылықтармен қоса, 60 қаннат-жер асты су желісі мен 22 бұлақ бар. Онда мұхаррам айында 300 жылдық тарихы бар жоқтау рәсімі мен шатыр тігу рәсімі орындалатындықтан туристер көптеп келеді. Мұхаррам айы қарсаңында 2019 жылдың 31 тамызында ауыл тұрғындары, туристер мен Хорасан-е Разави облысы басшыларының қатысуымен «Пивежен» ауылының «Шатыр жабу» рәсімі Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм министрлігі тарапынан ұлттық мұра тізіміне тіркелді. Шиіттердің төртінші имамы хазірет Саджадтың (ғ.) ұрпақтары имамзада Мұхташам мен имамзада Хашемнің кесенелері «Пивежен» аулындағы зиярат орындары саналады.