Шамхани Ливан Хизболласының сионистік режимге қарсы әрекетін мадақтады
(last modified Mon, 02 Sep 2019 08:00:22 GMT )
Қыр 02, 2019 14:00 Asia/Almaty
  • Шамхани Ливан Хизболласының сионистік режимге қарсы әрекетін мадақтады

ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Ливан Хизболласының сионистік режимге қарсы әрекетін мадақтап: «Хазірет Аба Абдоллаға (ғ.с.) байланысты аза күндер басталған кезеңдегі Ливан Хизболласының сионистік режимге қарсы жауап шаралары тағы «Қорлық өмірден өлім артық» деген ұранды әлем деңгейіне таратты»,- деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Әли Шамхани Парсы шығанағы мен  Сирия, Палестина және Ливан аймағының  АҚШ пен сионистік режимнің қастықтарын іске асыратын аймаққа айналғанына тоқталып: «Ислам республикасының әуе кеңістігінде америкалық ұшқышсыз ұшақтың құлатылуы мен Ливан Хизболласының сионистік режимді жазалауы қарсыласу ағымның аймақтағы қоқан-лоққылар мен шиеленістерге қарсы тұру жігерінің белгісі»,- деп қосты. Шамхани Ливанның Хизболласын халық қолдауына ие және қырағы күш атап: «Ливан халқының мүдделерін қорғау Хизболланың саяси және қорғаныс шешімдерінің негізі болып табылады»,- деп қуаттады.

Тегтер