Израиль палестиналықтарды тірі қалқан ретінде қалай пайдаланады?
(last modified 2024-10-16T14:20:26+00:00 )
Қаз 16, 2024 20:20 Asia/Almaty
  • Израиль палестиналықтарды тірі қалқан ретінде қалай пайдаланады?

ParsToday – Американың New York Times газеті мақаласында: «Израиль Палестинаның Газадағы ғимараттары мен нысандарына жасаған шабуылдарында бейбіт тұрғындарды тірі қалқан ретінде пайдаланады»,- деп жазылды.

Бұл американдық ақпарат құралы палестиналықтар мен аты-жөнін атамауды өтінген сионистік сарбаздардың мәлімдемелеріне сілтеме жасай отырып: «Сионистік режимнің бұл адамгершілікке жатпайтын шешімді қолдануының нақты ауқымы әлі белгісіз, бірақ дәлелдер Газадағы сионистік әскерилердің кем дегенде 11 отрядының осы қылмысты жасағанын және көп жағдайда сионистік режимнің қауіпсіздік күштерінің қатысқанын көрсетеді»,- деп айтты.

ParsToday агенттігінің ISNA-ға сілтеме жасап, хабарлауынша, бірнеше сионистік сарбаз «Нью-Йорк Таймс» газетіне берген сұхбатында бұл әдістердің сионистік армияда жиі кездесетінін мойындап, осы режимнің барлау мекемелері мен жоғары дәрежелі қолбасшылары да осы адамшылыққа жат қылмыстан хабардар екенін айтты.

Англияның Бристоль университетінің профессоры Лоуренс Хейл Кавторн: «Палестиналық тұтқындарды қауіпті жерлерді зерттеуге мәжбүрлеу, олардың әскери немесе азаматтық екеніне қарамастан, заңсыз» деді.

«Нью-Йорк Таймс» хабарына сәйкес, азаматтық тұтқындарды қауіпті барлау миссияларында пайдалану тарихта көп тарихы жоқ әрекет, Америка Құрама Штаттары Вьетнам соғысында осындай әрекетті жасады, бұл әрекет соғыс қылмысы болып саналады.

Бұған дейін «Әл-Джазира» сионистік сарбаздар палестиналық тұтқындарды Хамас туннельдеріне қолдары байланған күйде кіруге мәжбүрлегенін, егер олар бомбаланса, құрбан болады деп хабарлаған.

Тегтер