Мусави: Иран міндеттемелерін азайту саласындағы үшінші қадамын іске асыруға дайын
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы Иранның міндеттемелерін азайту саласындағы үшінші қадамы туралы: "ИИР дипломатия, келісім және келіссөз мұрсаттарын пайдалануы және қарсы тарапқа "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін іске асыруға мүмкіндік беруімен қатар Иранның міндеттемелерін азайту саласындағы үшінші қадамды іске асыруға дайын",- деді.
Сейед Аббас Мусави Иран мен Франция президенттерінің телефон арқылы сөйлесулері және Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтың Франция сапарын Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу дипломатиясы деп атап: "Бұл дипломатиялық әрекеттерімен тұспа-тұс Иран талпыныстар нәтижеге жетпеген және еуропалық тараптан қажет жұмыс жасалмаған жағдайда өзін үшінші қадамын іске асыруға дайындады",- деп қосты.