Зариф: Иранның міндеттемелерін азайту саласындағы үшінші қадамы бағдарлама бойынша іске асырылады
https://itolqyn.com/news/iran-i43272
Иран Сыртқы істер министрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы Иранның міндеттемелерін азайту саласындағы үшінші қадамының бағдарлама бойынша іске асырылатынын қуаттап: «Егер еуропалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін орындай алмаса, Иран өзінің үшінші қадамын іске асырады»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 03, 2019 12:52 Asia/Almaty
  • Зариф: Иранның міндеттемелерін азайту саласындағы үшінші қадамы бағдарлама бойынша іске асырылады

Иран Сыртқы істер министрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы Иранның міндеттемелерін азайту саласындағы үшінші қадамының бағдарлама бойынша іске асырылатынын қуаттап: «Егер еуропалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін орындай алмаса, Иран өзінің үшінші қадамын іске асырады»,- деді.

«Иран Пресс» ақпарат арнасының мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбіде Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Мәскеуде өткізген ортақ баспасөз отырысында Иранның дипломатиялық делегациясының Франция сапарында еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін іске асыру жолдарын талқылағанына тоқталып: «Франция Президентінің америкалық серіктестерімен жалғастырып отырған кеңесулері франциялықтар мен Еуроодаққа қатысты, ал Иран үшін Еуропаның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындағаны маңызды»,- деп қосты.

Лавров бұл баспасөз отырыста Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін азайтуы  АҚШ-тың әрекеттерінің нәтижесі екеніне тоқталып: «Америкалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққандарына қарамастан Иран өз міндеттемелерін орындауға міндетті деп уәжденуде. Ресейдің пікірінше, бұл үдеріс дұрыс емес»,- деді.