Рухани: Иранның үшінші қадамы жұма күні жүзеге асырылады
(last modified Thu, 05 Sep 2019 06:03:17 GMT )
Қыр 05, 2019 12:03 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның үшінші қадамы жұма күні жүзеге асырылады

ИИР Президенті: «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайтуға қатысты үшінші қадамын жұма, 6 қыркүйекте жүзеге асырады. Соның аясында елдің Атом қуаты ұйымы Иранға ядролық технологияларды зерттеу мен дамытуға қажетті барлық шараларды атқаруы тиіс»,-деді.

Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке Иранның үш билік органы басшыларының отырысы соңында: «Иранның шаралары АҚХА-нің ережелерінің аясында атқарылады. Еуропалықтарға тағы бір 60 күндік мұрсат беріліп отыр. Олар ядролық келісімдегі өз міндеттемелерін орындай бастағанда Иран да өз міндеттемелеріне қайтып оралады»,-деді.

Рухани ядролық келіссөздер тақырыбына тоқталып: «Америкалықтар 16 айдан бері үш мақсатты көздеп келеді. Бірінші әрі басты мақсат – жүйені өзгерту. Екінші мақсат – біріншісі орындалмаған жағдайда ИИР жүйесін әлсірету. Ал үшінші мақсат – өздері қалаған тәсілмен келіссөзді Иранға таңу. Бұл келіссөз Иранға ауыр санкция салумен қатар жүруі тиіс болған. Сол кезде олардың саудаласу қуаты артады»,-деді.