Үшінші қадамды орындау – Еуропаның мұрсатты пайдаланбауына реакция
(last modified Thu, 05 Sep 2019 14:43:07 GMT )
Қыр 05, 2019 20:43 Asia/Almaty
  • Үшінші қадамды орындау – Еуропаның мұрсатты пайдаланбауына реакция

ИИР Президенті 2019 жылдың 6 қыркүйегінен бастап Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайту саласында үшінші қадамды жүзеге асыруға бұйрық берумен бір мезгілде: "Еуропалықтарға тағы 60 күндік мұрсат берілді. Олар ядролық келісімдегі өз міндеттемелерін орындай бастағанда Иран да өз міндеттемелеріне қайтып оралады",-деді.

Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке Иранның үш билік органы басшыларының отырысы соңында: "Үшінші қадам аясында Иранның Атом қуаты ұйымы ядролық келісімдегі зерттеу мен дамуға қатысты барлық міндеттемелерді шетке ысырып, жаңа центрифугалардың түр-түрін зерттеу және дамытуға, уран байытуға қажетті кез келген шараларды тез арада орындауға кіріссін",-деді.

Еуропалықтар Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайтуға қатысты бірінші және екінші қадамы барысында осы келісім аясында Иранның қажеттіліктерін өтей алмады. Сол себепті жұма күні Руханидің бұйрығымен Иранның үшінші қадамы жүзеге асырылады.

Иранның бірінші және екінші қадамында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында белгіленген уран байыту деңгейі мен көлемі өзгертілді. Ядролық келісімнің 26 және 36 баптарында берілген рұқсат бойынша, бір ел өз міндеттемелерін орындамаса, екінші тарап өз міндеттемелерін қалыптасқан жағдайға сәйкес азайта алады.

АҚШ-тың 2018 жылдың мамыр айында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы және Иранға қарсы санкцияларды қайта салуы, еуропалықтардың ядролық келісімдегі міндеттемелерінің теңгерімін жасай алмауы және АҚШ-сыз келісімнің шығындарын өтей алмауы Иранның өз міндеттемелерін азайту бағытында қадам жасауына себеп болды.

Иранның үш қадамы да бастапқы позицияға қайта орала алады. Тек еуропалықтар ядролық келісімдегі өз міндеттемелерін орындауы керек. Иран үшінші қадамды жасаумен бір мезгілде келіссөздер мен дипломатия арқылы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында туындағын тығырықтан шығу жолын табу үшін еуропалық тарапқа тағы да 2 айлық мұрсат берді.

Өткен екі айда Франция Иранды үшінші қадам жасамауға көндіру үшін әртүрлі жобалар ұсынып, көптеген талпыныстар жасаған жағдайда Иран Президенті міндеттемелерді азайтуға бұйрық берді.

Франция Президентінің талпыныстары екі себептен Иранның ризашылығын ала алмады. Біріншіден, еуропалықтар бұрынғыдай "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын орындауға шынайы ерік-жігер танытпады, тәуекелге барып, шығын шығаруға дайын болмады. Екіншіден, Францияның ұсыныстары, соның ішінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын құтқару үшін 15 млрд доллар көлемінде кредиттік желі ашу туралы ұсынысы еуропалықтардың 11 баптық міндеттемелеріне сәйкес келмейді.

Осы салада Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Russia Today ақпарат арнасына берген сұхбатында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының қазіргі жағдайына тоқталып: "Еуропа ядролық келісімді сақтау үшін тәуекелге баруға дайын емес",-деді.

Еуропаның тәуекелге бармауы және Франция ұсынысының еуропалықтардың міндеттемелері деңгейіне сәйкес келмеуі АҚШ-тың осы көпжақты келісімнен шыққанынан кейін еуропалық тараптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қазіргі тығырықтан шығарып, құтқара алмайтынын немесе құтқаруға рұқсатының жоқтығын көрсетеді.

Мұндай жағдайдың жалғасуы Иранды қанағаттандырмайды. Оның үстіне АҚШ санкцияларды жалғастыру арқылы кеңесулер мен дипломатиялық мүмкіндіктердің жарқын жолына кедергі тудырып жатыр.