Камалванди: IR6 центрифугаларына газ берілді
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерді азайту саласындағы үшінші қадам жұма күні ИИР Президентінің бұйрығымен басталды»,-деп хабарлады Иран Атом қуаты ұйымының ақпарат хатшысы.
IranPress ақпарат арнасының хабарлауынша, Бехруз Камалванди сенбі күні баспасөз конференциясында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерді азайту саласындағы үшінші қадамды түсіндіре келіп: «Иранның Атом қуаты ұйымы техникалық қажеттіліктерге сәйкес ядролық келісім бойынша қойылған шектеулерге назар аудармастан, ядролық ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастап, оны жылдамдатуға міндетті»,-деді.
Бехруз Камалванди бүгін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерді азайту саласында атқарылған төрт шараға тоқталып: «Бірінші шара 39-шы бапқа қатысты. Ол байытылған өнім өндіру, жаңа нәсіл құрылғыларын жасау, осы үдеріс барысындағы өнімдер мен қалдықтарды араластырмауға негізделген»,-деді.
Иран Атом қуаты ұйымының ақпарат хатшысы: «Сондай-ақ, IR6S құрылғысына х.ш.ж.с.б. 1411 жылдың басында газ беріле бастайды деп жоспарланған еді. Оған кеше газ бере бастадық»,-деді.
Камалванди: «Ядролық келісімнің 1-қосымшасындағы 35-тармақтың тақырыбы болған және 1411 жылдың басында іске қосылады деп күтілген IR4 құрылғысының жиырма центрифугалық желісін іске қосу кеше жүзеге асырылды»,-деді.
Иран Атом қуаты ұйымының ақпарат хатшысы: «Сондай-ақ, жиырма центрифугалық желі түріндегі IR6 құрылғысына екі айдан кейін газ берілуі тиіс болған. Оған газ беру кеше басталды. Келесі бағдарламада отыз центрифугалық желіні іске қосу көзделген»,-деді.