«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы және Иранның өз міндеттемелерін азайту шешімі
(last modified Mon, 09 Sep 2019 14:03:16 GMT )
Қыр 09, 2019 20:03 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы және Иранның өз міндеттемелерін азайту шешімі

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының біржақты жол емес және ИИР орынды уақытта тиісті шешімдер қабылдайтынын қуаттады.

 

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салехи жексенбіде, Теһранда Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің уақытшы жетекшісі Корнел Ферутамен кездесуінде Еуропаның Иранның ядролық келісімне байланысты әрекеттерін сынап: «АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң еуропалық мемлекеттер  бұл келісімдегі өз міндеттемелерін орындай алмады»,- деді.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – 2015 жылы қол қойылған жан-жақты келісім. Бұл келісімде барлық тараптарының іске асыратын міндеттемелері белгіленді. Иран ядролық мәселеге қатысты келіссөздерде ақ ниетін көрсетіп, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын нәтижеге жеткізді. Бірақ, өкінішке орай, АҚШ өзін міндетті санамай, келісімнен шықты. 2018 жылдың 8 мамырында АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң Еуропа өз міндеттемелерін орындай алмай, осы кезде іс жүзінде аатлмыш келісім біржақты жолға айналды. Алайды жан-жақты келісімге тек бір елдің табанды болуы дұрыс емес. Иран келіссөздерде көрсеткен және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қол қойылу кезеңге жеткізген Иран ақ ниеттілігімен АҚШ шыққаннан кейін де өз міндеттемелеріне сай амал етті. Бірақ Иран АҚШ-тың келісімнен шығуынан және Еуропаның бұл кезеңде міндеттемелерін орындай алмағанына назар аударып, қажет шешім қабылдауды өз құқығы санайды. Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының 26 және 36-шы баптары бойынша, өз міндеттемелерін азайта алады. Бұл салада осы кезге дейін үш қадамын іске асырды. Иранның үшінші қадамы 6 қыркүйекте жасалды. Бұл құжат «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының басқа тараптары, әсіресе еуропалықтардың ұстанымдарына сай. Еуропалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін орындағанша, Иран өз міндеттемелерін азайтуды жалғастырады. Еуропаның Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайтуна білдірген реакциясы таңғалдыратын жәйт. Еуропалықтар осы кезге дейін тек сөзбен айтқан уәделері болмаса, іс жүзінде міндеттемелерін орындамады. Қазіргі жағдай Иран үшін орынды емес. Теһранның қадамдары – еуропалықтар үшін ескерту. Иран есеп бойынша өз міндеттемелерін іске асыруда және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында Иранның мүддесінде амал етіп, Еуропа өз міндеттемелерін іске асырған жағдайда, жаңа әрекеттер қайтарылады.