Иранның Қарулы күштері Бас штабының басшысы Шанхай аймағының теңіз базасын аралады
Қыр 13, 2019 13:19 Asia/Almaty
Қытай Армиясы Бас штабының басшысының шақыруымен бұл елге сапар шеккен ИИР Қарулы күштері Бас штабының басшысы Шанхай аймағының теңіз базасын аралады.
ИРНА ақпарат арнасының мәліметінше, Иранның Қарулы күштері Бас штабының басшысы Мұхаммад Бақери Шанхай аймағы теңіз базасының жабдықтары мен кемелерін көріп, бұл теңіз базаның қолбасшысы және қызметкерлерімен пікір алмасты. Бақері базаны аралап болған соң Шанхай әскери қолбасшысы ұйымдастырған асына қатысты.
Тегтер