Қыр 13, 2019 18:41 Asia/Almaty
  • Аймақ халқының қарсыласуы Ашурадан сабақ алды

Теһран жұма намазының имамы Сирия, Ливан, Ирак, Бахрейн және Йемен халықтарының үстемшілерге қарсыласуына назар аудартып, аймақ халықтары қарсыласуының Ашура мектебінен сабақ алғанын қуаттады.

Теһран жұма намазының имамы Мұхаммад Хасан Абуторабифард Ислам ресволюциясы қырық жыл бойы Ашура мектебінен сабақ алып, жеңістерге жеткенін қуаттап: «Ашура мектебі өзінің табандылығы және қырағылығымен адамзат қоғамының бүгінгі мәдениетін революцияшыл, қарсыласушы және жеңіске жететін мәдениетке айналдырды»,- деді. Абуторабифард мұсылмандардың дұшпандарын тану қажеттілігіне тоқталып: «АҚШ пен үстемшілер қарсыласу ағымының жеңістеріне алаңдауда»,-деп қосты. Теһран жұма намазының имамы сондай-ақ АҚШ-тың Иранға қарсы залым санкциялары жөнінде: «Иран Ашура оқиғасынан сабақ алып, Батыстың экономикалық соғысынан жеңіспен шығады»,- деп баса айтты.

 

Тегтер