Иран Президенті: Аймақ мәселелері келіссөздер арқылы шешілулері тиіс
(last modified Mon, 16 Sep 2019 07:16:40 GMT )
Қыр 16, 2019 13:16 Asia/Almaty
  • Иран Президенті: Аймақ мәселелері келіссөздер арқылы шешілулері тиіс

Иран Президенті аймақ мәселелерінің аймақ елдерімен және келіссөздер арқылы шешілулері қажеттілігін қуаттады.

 

ИРНА ақпарат арнасының мәліметінше, Хасан Рухани жексенбіде Иран, Ресей және Түркия президенттерінің бесінші саммитіне қатысу үшін Теһраннан  Анкараға аттанадардан бұрын: «Америкалықтардың аймақтағы орналасуы – заңсыз әрі араласу болып табылады. Осы кезде әлемнің көптеген елдерін алаңдатып отырған аймақта орын алып жатқан оқиғалар АҚШ-тың аймақтағы қастықтарының нәтижесі»,- деді. Рухани сондай-ақ лаңкестіпен күресу, лаңкестікті қолдайтын үкіметтердің Сирияның келешегі мен қайта құрылу үдерісіне араласпауларын, босқындардың орлауы, Сирия Ата заңынан өзгеріс енгізу мен 2021 сайлауды Түркиядағы үшжақты саммитте талқыға салынатын мәселелерден деп атады.