Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Fri, 20 Sep 2019 12:33:41 GMT )
Қыр 20, 2019 18:33 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері америкалықтардың Иранды Йемен мәселесіне қатысты айыптағанына тоқталып: "АҚШ Иранға қарсы өтірік айтуға кірісті",-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері аятолла Мұхаммадәли Моухеди Кермани: "Америкалықтар Иранға саяси-экономикалық қысым жасауда жеңіліс тапқаннан кейін өтірік айтып, айып тағуға бет бұрды",-деді.  

Аятолла Моухеди Кермани: "АҚШ пен оның одақтастары ИИР-ға қарсы ештеңе істей алмайды",-деп мәлімдеді.  

Теһран жұма намазының құтпагері, сондай-ақ, Қасиетті қорғаныс аптасының басталатынына тоқталып: "Қорғаныстың әртүрлі алаңдары мен салалары болады. Иран халқы дұшпандардың саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік салалардағы қастандықтарынан өзін әлі де қорғап келеді",-деді.

Ирактың дарға асылған диктаторы Саддам режимінің басқыншы армиясы 1359 жылдың 31 шахриварында (1980 жылдың қыркүйек айында) "бір аптада Теһранды басып аламын" деген оймен әртүрлі соғыс құралдарымен Иранға ауқымды шабуыл бастады.

31 шахривар Иран күнтізбесінде Қасиетті қорғаныс аптасы басталатын күн деп белгіленген.

Тегтер