Қыр 23, 2019 14:09 Asia/Almaty
  • Арақчи: Иран еш уақытта АҚШ-тың қысымына бағынып, келіссөз жүргізбейді

ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары жексенбіде ИИР Президенті Хасан Руханидың Нью-Йоркте БҰҰ Бас аасммблеясының аясында АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесу ықтималын теріске шығарып: «АҚШ Иранға қарсы мейілінше қысым көрсету саясатын тоқтатпағанша, Теһран Вашингтонмен ешбір келіссөз жүргізбейді»,- деп қуаттады.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Аббас Арақчи британиялық «Independent» газетіне берген сұхбатында АҚШ-тың Иранға қарсы мейілінше қысым көрсетуінің  Ислам республткасының қарсыласуының артуына себеп болғанына тоқталып: «Иран және басқа ешбір мемлекет қысымның астында келіссөз жүргізбейді. Егер Трамп ядролық келісімге оралса, Иран «алтылық» тобының негіздерінше АҚШ-пен келіссөз жүргізеді»,- деді.

 

Тегтер