Еуропаның Иранға қарсы адам құқығы жөніндегі қарары Батыстың екіжүзділігі
"Адам құқығын сақтау – Иран үшін діни және заңды міндет. Оны сақтау үшін басқалардың дұшпандық қуаттаулары қажет емес".
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сейед Аббас Мусави Еуропа Парламентінің Иранға қарсы қарарына реакция білдіріп: "Еуропаның біржақты, шындыққа сай келмейтін және үмітсіздендіретін қарары АҚШ Иранға қарсы экономикалық ланкестікті қолданып, 80 миллионнан астам адамның құқығын бұзып отырған жағдайда бекітілді",- деді.
Мусави бұл қарардың бекітілуін Еуропаның жаңа Парламент мүшелерінің Ирандағы өзгерістерден хабарсыз екендігі мен Иранды айыптауды көздейтін кейбір ақпарат құралдарының қате мәліметтерін пайдалануының белгісі деп атады. Еуропа Парламенті 19 қыркүйекте Иранды адам құқығын бұзумен айыптады. Еуроодақ жылдар бойы Батыстағы адам құқығы мәселесіне қатысты екіжүзділіктің куәсі бола отырып, Ирандағы әйелдердің құқығын қорғауды адам құқығы мәселесіне байланысты қарардың себебіне айналдырды. Мәліметтер мен деректерге сай бүгінде Батыста әйел мен ердің теңдігі сақталмайды, сондай-ақ әйелдің табиғи және адами айырмашылықтарына немқұрайдылық білдіріліп, әйел тек бір құралға айналды.
Халықаралық Амнистия ұйымының баспасөз істері жөніндегі басшысы Аника Фленсбург: "Бұл қоғамдағы әйелдердің көбі бастарынан өтіп жатқан оқиғаларды айтуға ұялып, үнсіз қалады. Олардың арасында кейбіреулері ғана оларға қарсы жасалған қатыгездік туралы айтады",- деді. Батыс мемлекеттері өткен онжылдықтарда әдемі әрі алдамшы ұрандарымен әйелдердің құқықтарын қорғамақ түгілі, олардың құқықтарын әлсіретті. Батыстағы адам құқығы мәселелерінің бірі бұл жерде оның тек азаматтық және саяси тұрғыларына көңіл бөлініп, қоғамдық, мәдени және діни, сондай-ақ қоғамның басқа құндылықтарына немқұрайлы қарауына байланысты. Бұл тақырыптың келесі мәселесі Батыстың адам құқығын тек өздерін дұрыс санап, Батыстың өмір сүру тәсілін басқаларға таңу талпынысынан туындайды. Адам құқығы мәселесі Батыстың екіжүзді әрекеттерімен саяси қиындықтарға тірелді. Еуроодақтың адам құқығы саласындағы іс-қимылдарынан көптеген қайшылықтары анық байқалуда. Бұл Одақ мүшелерінің сөздері мен істері екіжүзділіктерінің белгісі. Еуропа Парламентінің Иранға қарсы қарары да бұл ережеден тыс емес. Еуроодақ саяси ұстанымымен адам құқығына байланысты шындықтарға көз жұмып отыр.